weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 27
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фатима Супыгалиева жасөспірімдер Олимпиадасындағы жеңісінен кейін жоғары бағаланды

17 жастағы қазақстандық дзюдошы Фатима Супыгалиева халықаралық ортада «жаңа Ута Абе» атанып, ересектер деңгейінде де сынға салуға лайық спортшы ретінде аталды. Ол жақында 52 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

Фатима Супыгалиева жасөспірімдер Олимпиадасындағы жеңісінен кейін жоғары бағаланды Фатима Супыгалиева жасөспірімдер Олимпиадасындағы жеңісінен кейін жоғары бағаланды
Sports.kz

Российлік Telegram-арна 17 жастағы қазақстандық дзюдошы Фатима Супыгалиеваны «жаңа Ута Абе» деп атап, оны ересектер арасындағы жарыстарда да сынап көруге болатынын жазды.

Жазба авторлары Супыгалиеваны қазақ дзюдосының болашағы зор өкілі ретінде сипаттап, оның соңғы айларда көрсеткен нәтижелеріне жоғары баға берген. Спортшы 18 жасқа дейінгі әлем біріншілігінде, жасөспірімдер Олимпиадасында және Азия ойындарында топ жарған.

Публикацияда оның оқу-жаттығу жиындарында Ута Абе мен Диёра Кельдиёровамен деңгейлес күрес көрсететіні де атап өтілді. «Ересектерге тән ақылды күрес пен жастар арасындағы нәтиже бар. Мұндай спортшыға ересектер деңгейінде де мүмкіндік беру керек», — делінген жазбада.

Дакарда өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Супыгалиева 52 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол Португалия өкілі София Гаспарды иппонмен ұтты.

Ута Абе — Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы әрі алты дүркін әлем чемпионы. Ал Диёра Кельдиёрова — Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы. Екеуі де 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

.

Көп оқылды:

.
.