Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың командасы спортшының жағдайына байланысты мәлімдеме жасады. Dar Pro Team өкілдері оның сауығуы жоспар бойынша жүріп жатқанын хабарлады.
«Шавкат Рахмоновтың жағдайы жақсы, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр! Интернеттегі жалған ақпаратқа сенбеңіздер», — делінген команда таратқан хабарламада.
Рахмоновтың өзі де X әлеуметтік желісінде жазба жариялап, ауыр жаттығулардың тағы бір аптасы аяқталғанын және күн сайын күшейіп келе жатқанын айтты.
Бұған дейін БАҚ-та спортшының әлі де тізесіндегі мәселеден толық айықпағаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жекке шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.