Қазақстандық күш атлеті Закир Найманбаев Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Power Slap 26 турнирінде америкалық Уэс Менаға қарсы шығып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Ауыр салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді және толық қашықтыққа созылды. Үшінші раундта Найманбаев қарсыласын нокдаунға жіберді, бірақ Мена қайта тұрып, кездесуді жалғастыра алды.
Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы нәтижесіне көңілі толатынын айтып, рингке сенімді күйде шыққанын жеткізді. Оның сөзінше, соңғы екі кездесуінде де ешқандай толқу болмаған.
«Он жақсы ұшып кетті, тіпті қайта тұрады деп күтпедім. Ең бастысы — жеңіс», — деді Найманбаев.
Спортшының айтуынша, беті сәл ісінгенімен, жағдайы жаман емес. Ол Уэстің соққыларының бірі ережеге сай болмауы мүмкін екенін атап өтті, алайда төрешілердің шешіміне құрметпен қарайтынын айтты.
Қазіргі таңда Power Slap ауыр салмақ дәрежесінде үшінші орында тұрған Найманбаев чемпиондық жекпе-жекке де, уақытша белбеу үшін айқасқа да дайын екенін білдірді. Оның сөзінше, лига мұндай мүмкіндік ұсынса, ол оны бірден қабылдауға әзір.