Мәскеудің «Динамосы» сырт алаңда Воронеждің «Факелімен» кездесіп, Ресей премьер-лигасының 14-туры аясындағы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің басы қонақтар үшін сәтті басталды: 3-минутта Даниил Фомин Бителлоның пасынан кейін есеп ашты. Алайда алаң иелері 12-минутта Вячеслав Якимовтың голымен таразы басын теңестірді.
Матчтың тағдыры қосымша уақытта шешілді. 90+1-минутта Константин Тюкавин Максим Осипенконың пасын голға айналдырып, «Динамоға» жеңіс сыйлады.
Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты өтінімге енген жоқ және бұл ойында алаңға шықпады.
Осы жеңістен кейін «Динамо» 31 ұпай жинап, РПЛ кестесінде бірінші орынға көтерілді. Келесі турда мәскеуліктер 22 қараша күні «ВТБ Аренада» «Краснодарды» қабылдайды.