weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 32
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогын иеленді. Осылайша команда өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады.

«Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтты
Sports.kz

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен Қазақстан кубогының финалында Қызылорданың «Қайсарымен» кездесті.

Финалда «Ордабасы» қарсыласын 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Бірінші таймда Султанбек Астанов 7-минутта, Берн Йонсен 41-минутта гол соқты.

Екінші таймда Давид Абагна 60-минутта, Эльхан Астанов 71-минутта есепті ұлғайтты. «Қайсардың» жалғыз голын Агостиньо Азеведо 84-минутта енгізді.

Бұл жеңістің арқасында «Ордабасы» өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады: команда бұған дейін Қазақстан премьер-лигасының чемпиондығын да жеңіп алған еді.

Қазақстан кубогы шымкенттік ұжымның қоржынына үшінші рет түсті. Бұған дейін «Ордабасы» бұл турнирде 2011 және 2022 жылдары топ жарған.

.

Көп оқылды:

.
.