weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Зидан Франция құрамасына Мбаппені қосты

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан Ұлттар лигасындағы алдағы матчтарға шақырылған 23 футболшының тізімін жариялады. Оның қатарында «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе де бар.

Зидан Франция құрамасына Мбаппені қосты Зидан Франция құрамасына Мбаппені қосты
Sports.kz

«Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция құрамасының Ұлттар лигасындағы алдағы ойындарға арналған тізіміне енді.

Францияның бас бапкері Зинедин Зидан Италия және Түркияға қарсы матчтарға 23 футболшыны шақырды. Қақпашылар қатарында Майк Меньян («Милан», Италия), Гийом Рест («Тулуза») және Робен Риссер («Ланс») бар.

Қорғаныс шебіне Анди Диуф («Интер», Италия), Мало Гюсто («Челси», Англия), Жереми Жаке («Ливерпуль», Англия), Пьер Калюлю («Ювентус», Италия), Ибраима Конате («Реал», Испания), Адриен Трюффер («Борнмут», Англия), Дайо Упамекано («Бавария», Германия) және Лени Йоро («Манчестер Юнайтед», Англия) енді.

Жартылай қорғаушылар тізімінде Эдуарду Камавинга («Реал», Испания), Райан Шерки («Манчестер Сити», Англия), Люка Да Кунья («Комо», Италия), Адриен Рабьо («Милан», Италия), Орельен Тчуамени («Реал», Испания) және Уоррен Заир-Эмери («ПСЖ») аталды.

Шабуылшылар қатарында Брэдли Барколя («Ливерпуль», Англия), Дезире Дуэ («ПСЖ»), Килиан Мбаппе («Реал», Испания), Майкл Олисе («Бавария», Германия), Пабло Пажис («Лорьян») және Маркус Тюрам («Интер», Италия) бар.

Италия — Франция матчы 12-нен 13 қарашаға қараған түні өтеді. Ал Франция — Түркия кездесуі 15-інен 16 қарашаға қараған түні жоспарланған.

.

Көп оқылды:

.
.