weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Қайрат» «Аталантамен» тең ойнағаны үшін УЕФА-дан 133 мың еуро алады

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Аталанта» клубымен 1:1 есебімен тең түсіп, Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі тағы бір ұпайын қосты. Бұл нәтиже үшін қазақстандық клубқа УЕФА 133 мың еуро төлейді.

«Қайрат» «Аталантамен» тең ойнағаны үшін УЕФА-дан 133 мың еуро алады «Қайрат» «Аталантамен» тең ойнағаны үшін УЕФА-дан 133 мың еуро алады
Sports.kz

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Аталанта» клубымен 1:1 есебімен тең ойнап, Конференциялар лигасының үшінші турынан кейін маңызды нәтижеге қол жеткізді.

Бұл тең ойын үшін қазақстандық клуб УЕФА-дан 133 мың еуро, яғни 67,1 миллион теңге алады. Бұған дейін «Қайрат» жалпы кезеңнің бірінші турында Латвияның «Рига» командасымен де 1:1 есебімен тең түсіп, дәл осындай сыйақыға ие болған.

Жалпы кезеңдегі жеңіс үшін УЕФА 400 мың еуро, яғни 201,8 миллион теңге төлейді.

Алматылық ұжымға бұдан кейін шведтің «Мьельбю», румынның «Университатя» (Крайова) және нидерландиялық «Твенте» командаларымен матчтар күтіп тұр.

.

Көп оқылды:

.
.