weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дакарда Фатима Супығалиева жеңісінен кейін Қазақстан әнұраны шырқалды

2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанған қазақстандық дзюдошы Фатима Супығалиева марапаттау рәсімінде ел әнұранын естіртті. Ол финалда португалиялық София Гаспарды иппонмен ұтып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Дакарда Фатима Супығалиева жеңісінен кейін Қазақстан әнұраны шырқалды Дакарда Фатима Супығалиева жеңісінен кейін Қазақстан әнұраны шырқалды
Sports.kz

Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Фатима Супығалиева жеңіс тұғырына көтерілген сәтте Қазақстанның әнұраны шырқалды.

Супығалиева 52 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ақтық белдесуде ол Португалия өкілі София Гаспарды иппонмен жеңді.

Жартылай финалға дейін жеткен жолында қазақстандық спортшы екі кездесуін де мерзімінен бұрын аяқтады. Ширек финалда ол Коста-Рикадан келген Химена Моралес Гамбоаны ұтса, жартылай финалда словак қызы Вивьен Вадовичованы тізе бүктірді.

Осылайша, Супығалиева турнирдегі үш жеңісінің бәрін иппонмен тіркеді. Бұл алтын медаль Қазақстан құрамасы үшін осы ойындардағы алғашқы жүлде болды.

Жасөспірімдер Олимпиадасы Сенегалда 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтіп жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.