5–6 қараша түні алматылық «Қайрат» Лига конференциясының жалпы кезеңіндегі үшінші турда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсіп, күтпеген нәтиже тіркеді. Бұл ойыннан кейін итальяндық спорт басылымдары матчқа кеңінен тоқталды.
Atalantini.com «Аталанта» — «Қайрат» — 1:1. Біз Қазақстан қамалын ала алмадық» деген тақырыппен материал жариялап, бергамолықтардың шабуылдағы мәселелерін ашық сынға алды. Авторлар алаң иелерінің алға ұмтылуда қиналғанын және алматылықтардың қорғанысы мықты болғанын жазды.
Басылымның пікірінше, «Қайрат» екінші таймда қарсы шабуыл арқылы гол соғып, ойынның бағытын өзгерткен. Материалда қазақстандық ұжымның соңына дейін жанқиярлықпен қорғанғаны да ерекше аталды.
La Repubblica та бұл кездесуді «Крстович «Аталантаны» кезекті жеңілістен құтқарды, бірақ «Қайратпен» тең ойын 1:1 көңілден шықпады» деп бағалады. Итальяндық газет алматылықтардың бірінші таймда қауіпті сәттер жасағанын, әсіресе Туяқбаев пен Густавоның әрекеттері қақпашы Карнезеккиді сынағанын жазды.
Материалдың қорытындысында «Аталантадағы» дағдарыс Еуропада да жалғасып жатқаны айтылып, бұл тең нәтиженің турнир кестесіндегі жағдайды айтарлықтай жақсартпағаны көрсетілді.
Eurosport та матчты ауыр кеш ретінде сипаттап, «Қайраттың» тәртіпті қорғанысы мен жылдам қарсы шабуылдарына назар аударды. Жазбада қазақстандық команданың гол соғу сәті шешуші эпизод болғаны атап өтілді, ал Марк Гуаль кездесудің үздік ойыншысы ретінде танылды.
Il Giorno да «Аталантаның» «скромный «Қайратқа» қарсы тығырыққа тірелгенін» жазды. Дегенмен басылым бұл нәтижені бергамолықтар үшін аз да болса оң қадамға балап, тең есеп ойынның аяқталуына сегіз минут қалғанда ғана қалыптасқанын еске салды.