Лига конференциясы УЕФА-ның баспасөз қызметі алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің «Аталантаға» қарсы ойындағы тамаша сейвіне назар аударды.
Ұйымның парақшасында Анарбековтің Джонатан Роудың соққысын қайтарған сәті жарияланды. Доп қақпаның тоғыздығына бағыт алғанымен, қазақстандық қақпашы секіріп жетіп, команданы голдан аман алып қалды.
«Темірлан Анарбековтің керемет сейві!»
Осылай деп жазылды бейнероликтің астына.
Үшінші тур аясындағы бұл кездесу 5 қараша күні Бергамода өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. «Қайратты» Марк Гуаль 53-минутта алға шығарса, Никола Крстович 82-минутта таразы басын теңестірді.
Келесі ойынын қазақстандық клуб 26 қарашада Алматыда шведтің «Мьельбю» командасына қарсы өткізеді.