«Барселона» клубының испаниялық шабуылшысы Ламин Ямаль Ла Лига тарихында 40 нәтижелі пасқа ең жас болып жеткен футболшы атанды.
19 жас 118 күнінде ол Испания чемпионатындағы нәтижелі пастарының санын 40-қа жеткізді. Бұл көрсеткішке ешбір ойыншы 22 жасқа толмай тұрып жеткен емес.
Осы көрсеткіш бойынша Ямальдан кейін Лопес Уфарте — 22 жас 15 күн, Адриан Эскудеро — 22 жас 349 күн, Сеги — 23 жас 74 күн, Эчеберрия — 23 жас 158 күн және Лионель Месси — 23 жас 158 күн тұр.
Юбилейлік нәтижелі пасты Ямаль «Атлетикоға» қарсы сырт алаңдағы Ла Лиганың 12-тур матчында берді. Ол Фермин Лопеске пас шығарып, 66-минутта соғылған жеңіс голының авторына айналдырды. Кездесу «Барселонаның» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.