Қазақстанның әйелдер құрамасы 3×3 баскетболдан Азия ойындарында екінші матчын өткізіп, Шри-Ланка командасын 21:8 есебімен тізе бүктірді.
Аичи-Нагояда өтіп жатқан додада қазақстандықтар бұған дейін Қытай құрамасына 12:18 есебімен жол берген болатын.
Енді топтық кезеңдегі келесі ойынын ұлттық құрама 23 қыркүйекте Катарға қарсы өткізеді.
Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 12 медаль бар: 6 алтын, 1 күміс және 5 қола.