weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрғиса Әділетұлы Азиадада күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдегер атанды. Ол 95 килограмға дейінгі салмақта екінші орын иеленді.

Нұрғиса Әділетұлы Азиадада күміс медаль жеңіп алды Нұрғиса Әділетұлы Азиадада күміс медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Ол 95 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 177 килограмм, серпе көтеруде 217 килограмм бағындырды. Қоссайыс нәтижесінде Нұрғиса 394 килограмм көрсеткішпен екінші орынға табан тіреді.

Бұл салмақта алтын медаль Иран өкілі Әли Әліпурға бұйырды — 398 килограмм (180+218). Қытай спортшысы И Ту 384 килограмм (179+205) нәтижемен қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін Алексей Чуркин де 85 килограмға дейінгі салмақта күміс медаль алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.