Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азиат ойындарында қола жүлде жеңіп алды.
Аралас командалық сайыста қазақстандықтар 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді. Бұл бағдарламадағы сында құрама өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, жүлдеге ілікті.
Жарыста Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен топ жарды. Екінші орынды Жапония иеленді — 286,2688 ұпай.
Қазақстан сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.