weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сергей Рогачёв Қазақстан мен Молдова матчы туралы пікірін айтты

Молдова құрамасының бұрынғы ойыншысы Сергей Рогачёв Астана төрінде өткен Қазақстанмен кездесудегі 1:2 есебіне баға берді. Ол ойында молдовандардың тактикасы мен Лилиан Попескудың шешімдерін ерекше атап өтті.

Сергей Рогачёв Қазақстан мен Молдова матчы туралы пікірін айтты Сергей Рогачёв Қазақстан мен Молдова матчы туралы пікірін айтты
Sports.kz

Молдова құрамасының бұрынғы футболшысы Сергей Рогачёв Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы 1:2 есебімен аяқталған матчқа қатысты ойын айтты. Оның пікірінше, кездесуге дейін Қазақстан фаворит саналса да, алаңда екі құрама шамалас деңгей көрсетті.

Рогачёвтың айтуынша, Қазақстан шабуылды көбірек ұйымдастыруы керек еді, ал Молдова қорғаныстан ойнап, жылдам қарсы шабуылдарға сүйенген дұрыс шешім қабылдады. Ол сондай-ақ молдован футболшылары қақпаға бағытталған соққылар саны жағынан қарсыласынан басым түскенін атап өтті.

«Біз қарсы шабуылдарды сәтті жүргіздік. Футболшылар батыл ойнады, жасқанған жоқ. Мұндай сенімділікке бас бапкер Лилиан Попеску да ықпал еткен сияқты», — деді Рогачёв.

Ол Молдова құрамасының есепті ертерек ұлғайту мүмкіндігін пайдаланбағанына да тоқталды. Оның сөзінше, бір сәттерде команда тіпті үшке қарсы бір немесе екіге қарсы бір болып шыққан эпизодтарды голмен аяқтай алатын еді.

Рогачёв Қазақстан футболының соңғы жылдардағы дамуын да тілге тиек етті. Оның пікірінше, елге сапалы ойыншылар мен білікті бапкерлердің келуі, сондай-ақ қаржылық мүмкіндіктің болуы ұлттық құраманың деңгейін көтеруге әсер етіп отыр.

Сондай-ақ ол Молдова құрамасының алдағы 6 қазанда Кишиневте Словакиямен ойынына тоқталып, бұл кездесуді өте қиын матч деп бағалады. Рогачёвтың ойынша, Лилиан Попеску дұрыс тактиканы таңдаса, Молдова қарсыласын қарсы шабуылмен таңғалдыруы мүмкін.

Сергей Рогачёв бұған дейін «Актөбе» мен «Шығыс» сапында өнер көрсеткен. Қазір 49 жастағы маман Мәскеуде бапкерлік қызмет атқарады.

.

Көп оқылды:

.
.