weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

16 жастағы Акмарал Ерекешева Азия ойындарының жабылуында Қазақстан туын алып шықты

Нагояда өткен XX жазғы Азия ойындарының жабылу рәсімінде Қазақстанның туын гимнастшы Акмарал Ерекешева алып шықты. 16 жастағы спортшы дебюттік додада жеке көпсайыста финалға шығып, төртінші орын алды.

16 жастағы Акмарал Ерекешева Азия ойындарының жабылуында Қазақстан туын алып шықты 16 жастағы Акмарал Ерекешева Азия ойындарының жабылуында Қазақстан туын алып шықты
Sports.kz

Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті. Салтанатты жиында дәстүрлі спортшылар шеруі ұйымдастырылды.

Қазақстан туын жабылу кезінде 16 жастағы гимнастшы Акмарал Ерекешева алып шықты. Ол өзіне алғаш рет қатысқан Азия ойындарында жеке көпсайыста іріктеуден бірінші орынмен өтіп, ақтық сында төртінші орын иеленді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтті. Бағдарламаға 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енді, барлығы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жарысты қорытындылаған Қазақстан құрамасы 84 медальмен аяқтады. Отандастарымыз 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.

.

Көп оқылды:

.
.