weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 13
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Смётов Азиада-2026 алдында Қазақстан құрамасына арнау жасады

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Смётов Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына дайындығы туралы айтып, Қазақстан құрамасына жүрекжарды сөзін арнады.

Смётов Азиада-2026 алдында Қазақстан құрамасына арнау жасады Смётов Азиада-2026 алдында Қазақстан құрамасына арнау жасады
Sports.kz

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, дзюдодан әлемдегі үздіктердің бірі Елдос Смётов 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындығы жайлы бөлісіп, Қазақстан құрамасына арнау жасады.

«Азия ойындарына дайындығым өте жақсы жүріп жатыр, ешбір іркіліс жоқ. Бүгінгі күні дене шынықтыру жаттығуларын толық аяқтадым. Қазір татамидегі жұмысты бастадық. Елімізді қуантатындай, гимніміз шырқалатындай форманы ұстауға тырысамыз», — деді спортшы.

Смётов бұдан әрі әлем бойынша ең күшті спортшылардың, соның ішінде олимпиада чемпиондарының жиналғанын атап өтті. «Жапония мен Корея өкілдері көптеген жарыстарға бармайды. Біз қанша шетелдік жиынға барсақ та, кореялықтармен немесе жапондықтармен кездесе алмай жүрміз», — деп қосты ол.

Дзюдошы тек өз спорт түрінің емес, барлық қазақстандық спортшыларға арнау жасап, Азия ойындарында ел намысын қорғап шығатындарды жеңіске жетелеп, мемлекет пен ұлт беделін көтеруге шақырды. «Жапондар мен кореялықтар „Азия, біз Қазақстанның гимнін жаттап аламыз!“ дейтіндей деңгейге жетейік», — деп түйіндеді Смётов.

Айта кетейік, 5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық дайындық базасында дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиыны алғаш рет өтіп жатыр. Оған әлемнің 30 еліндегі 700-ден астам спортшы, оның ішінде жеті олимпиада чемпионы қатысуда.

Жапонияда өтетін мерейтойлық XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек — 4 қазан аралығында ұйымдастырылады. Негізгі жарыс алаңдары ретінде Нагоя қаласы мен Айти префектурасы таңдалды.

.

Көп оқылды:

.
.