weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 18
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға жетті

Қазақстандық спортшылардың Азия ойындарындағы алтын медалі үшін төленетін сыйақы бес есеге өсті. Енді чемпиондар 50 мың доллар алады.

Қазақстанда Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға жетті Қазақстанда Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға жетті
Sports.kz

Қазақстандық спортшылардың Азия ойындарындағы жеңісі үшін берілетін ақшалай сыйақы 50 мың долларға дейін ұлғайтылды.

Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов СЦК-да өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, алтын медальға төленетін қаржы бұрынғыдан 40 мың долларға көп.

«Биыл федерациялар мен Спортты дамыту қоры арқылы тартылған бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін көтердік. Қалған жүлдегерлерге төлемдер мемлекеттік органдармен келісу және халықаралық федерациялармен қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жүргізіледі», — деді министр.

Бұған дейін Азия ойындарында алтын жүлде үшін 10 мың доллар, күміс үшін 5 мың доллар, қола үшін 3 мың доллар қарастырылған еді.

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 жарысын 84 медальмен аяқтады: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.

.

Көп оқылды:

.
.