Қазақстан құрамасының өкілі Алихан Маулет Қытайдың Нанкин қаласында өткен батут гимнастикасынан жас ерекшелік топтары арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді.
Ол 17-21 жас санатында двойной мини-трамп жаттығуында өнер көрсетіп, финалда екінші орын алды.
Бұл бәсекеде жеңіс Ресей спортшысы Лев Бусаревке бұйырды. Ол 28,600 ұпай жинады.
Қола медальді АҚШ өкілі Кейсен Мааг жеңіп алды. Оның нәтижесі — 23,900 ұпай.