weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
17 қараша, 2026 / SportRoom / Футбол 34
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Словакия қақпасына екінші гол соқты

Қазақ футболшылары Ұлттар лигасының алтыншы турында Словакиямен өткен матчта есепті 2:1 етті. Екінші таймда Ян Вороговский мергендік танытты.

Қазақстан Словакия қақпасына екінші гол соқты Қазақстан Словакия қақпасына екінші гол соқты
Sports.kz

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы турында Словакия қақпасына екінші голды соқты.

65-минутта Ян Вороговский нәтижелі соққымен көзге түсті. Осы сәттен кейін есеп 2:1 болып, матчтың екінші таймы өтіп жатты.

Бұған дейін Қазақстан сапынан Ислам Чесноков 29-минутта гол соқса, Словакия құрамасынан Роберт Боженик 56-минутта жауап қайтарған еді.

Матч алдында Словакия 3-дивизионның С тобында 11 ұпай жинап, топтағы бірінші орнын алдын ала қамтамасыз еткен болатын. Қазақстан құрамасының бес ойыннан кейінгі еншісінде 2 ұпай бар еді.

.

Көп оқылды:

.
.