weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Валерий Ореховтің пасынан кейін «Металлург» «Ладаны» ірі есеппен ұтты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов нәтижелі пас беріп, магнитогорлық «Металлургтің» тольяттиналық «Ладаны» сырт алаңда 7:2 есебімен жеңуіне үлес қосты. КХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы бұл матчта қонақтар үш кезең бойы басымдық танытты.

Валерий Ореховтің пасынан кейін «Металлург» «Ладаны» ірі есеппен ұтты Валерий Ореховтің пасынан кейін «Металлург» «Ладаны» ірі есеппен ұтты
Sports.kz

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов магнитогорлық «Металлургке» КХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы матчта тольяттиналық «Ладаны» 7:2 есебімен ұтуға көмектесті.

Орехов алғашқы шайба кезінде нәтижелі пас берді. Андрей Козлов 7-минутта есеп ашса, бірінші үзіліске дейін Даниил Вовченко 15-минутта, ал Сергей Толчинский 16-минутта көзге түсті.

Екінші кезеңде Николай Макаров 25-минутта бір шайба қайтарды. Алайда сол минутта Вовченко дубль жасады. Бұдан кейін Михаил Фёдоров 29-минутта, Козлов 33-минутта тағы бір-бір шайба соқты.

Үшінші кезеңде Никита Коротков 49-минутта, ал Андрей Алтыбармакян 60-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, «Металлург» Астанада «Барыстан» 4:5 есебімен жеңілгеннен кейін ірі жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис жарақатына байланысты әлі де команданың матчтарына шықпай жүр.

Қазіргі таңда магнитогорлықтар 41 ұпаймен Шығыс конференциясында көш бастап тұр. «Лада» 17 ұпаймен Батыста соңғы орында келеді. «Металлург» келесі ойынын 19 қарашада өз алаңында «Тракторға» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

.

Көп оқылды:

.
.