weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Данияр Ақбісенов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында грузин боксшысын ұтты

Қазақстандық боксшы Данияр Ақбісенов Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол грузин спортшысы Сандро Капанадзені 3:2 есебімен ұтты.

Данияр Ақбісенов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында грузин боксшысын ұтты Данияр Ақбісенов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында грузин боксшысын ұтты
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Ақбісенов Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 1/16 финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді.

60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Ақбісенов грузин боксшысы Сандро Капанадземен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді — 3:2.

Осы нәтижеден кейін Данияр Ақбісенов жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Ал Сандро Капанадзе турнирден шығып қалды.

World Boxing ұйымының әлем біріншілігі 16-27 қазан аралығында өтіп жатыр. Будвадағы жарысқа 69 ұлттық федерациядан 474 спортшы қатысуда, бағдарламада ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесі қарастырылған.

.

Көп оқылды:

.
.