weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шавкат Рахмонов UFC 336 турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін

UFC 336 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Карлос Пратес кездесуі ықтимал. Сондай-ақ Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес арасындағы айқас та талқыланып жатыр.

Шавкат Рахмонов UFC 336 турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін Шавкат Рахмонов UFC 336 турнирінде жекпе-жек өткізуі мүмкін
Sports.kz

30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтетін UFC 336 турнирін чемпион Ислам Махачев пен эквадорлық үміткер Карлос Пратес бастауы мүмкін.

Бұл туралы инсайдер Рубен Картер хабарлады. Оның айтуынша, Джошуа Ван мен Манель Капе жекпе-жегі қосалқы басты кездесу ретінде жоспарланып отыр.

Шавкат Рахмоновқа қатысты да маңызды жекпе-жек қарастырылып жатыр. Картердің жазуынша, қазақстандық файтер Майкл Моралеске қарсы шығып, турнирдің үшінші ең маңызды айқасына айналуы мүмкін.

Махачов соңғы кездесуін 15 тамызда Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде өткізіп, Ирландия өкілі Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңген еді.

Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде жұдырықтасып, дәл сол Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен тізе бүктірген. Одан кейін ол ауыр тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыттан бері октагонға шыққан жоқ.

.

Көп оқылды:

.
.