weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Софья Самоделкина Алматыдағы жарыс алдында тройной аксельді қайта орындады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыдағы Денис Тен мемориалы қарсаңында жаттығу видеосын жариялап, күрделі элементі — тройной аксельді қайта қалпына келтіргенін айтты.

Софья Самоделкина Алматыдағы жарыс алдында тройной аксельді қайта орындады Софья Самоделкина Алматыдағы жарыс алдында тройной аксельді қайта орындады
Sports.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтетін Денис Тен мемориалы алдында жаттығудан видео жариялап, тройной аксельді қайта жасағанын хабарлады.

Спортшы бұл жазбаны Instagram парақшасына жүктеді. Самоделкина күрделі секірісті қысқа бағдарламаға тура бір күн қалғанда қайта орындағанын айтып, жанкүйерлерінен қолдау сұрады.

«Тройной аксель қайта оралды. Дәл уақытында! Қысқа бағдарлама ертең. Маған сәттілік тілеңіздер!» — деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Денис Тен мемориалы Алматыдағы «Халық Арена» мұз сарайында өтіп жатыр және 2026/2027 маусымындағы ISU Challenger халықаралық сериясына кіреді. 7 қазанда спортшылар ресми жаттығуларын өткізеді, ал жарыс 8 қазанда басталады.

Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда сынға түседі. Оның қысқа бағдарламасы 8 қазанда, еркін бағдарламасы 9 қазанда өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.