weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Казахстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында бір күнде екі жеңіс, екі жеңіліс тіркеді

Будвада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі рет жеңіп, екі рет ұтылды. Жанель Имантаева мен Әмір Рамазан жарысты аяқтаса, Бибарыс Аширбай мен Данияр Ақбисенов келесі кезеңге өтті.

Казахстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында бір күнде екі жеңіс, екі жеңіліс тіркеді Казахстан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында бір күнде екі жеңіс, екі жеңіліс тіркеді
Sports.kz

Будвада (Черногория) өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі жеңіс пен екі жеңіліс тіркеді.

54 келіге дейінгі салмақта Жанель Имантаева ширек емес, 1/8 финалда шотландиялық Роси Свейлспен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қарсыласына берді. Осылайша, Имантаева әлем біріншілігінен шығып қалды.

70 келіге дейінгі салмақта Бибарыс Аширбай турнирді сәтті бастады. Ол 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименес Лоссоны 5:0 есебімен ұтты.

Кешкі сессияда 60 келіге дейінгі салмақта Данияр Ақбисенов грузиялық Сандро Капанадземен 1/16 финалда кездесті. Қазақстандық боксшы тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.

Ал 75 келіге дейінгі салмақтағы Әмір Рамазан өзбекстандық Сухроб Рахматуллаевқа қарсы шықты. Биылғы Азия чемпионы атанған қарсылас айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді. Рамазан турнирді аяқтады.

World Boxing ұйымының юниорлар арасындағы әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында өтуде. Байрақты бәсекеге 69 елден 474 боксшы қатысып жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.