weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мерей Базарбаев жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев Лас-Вегаста өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Ол финалда түркиялық Бекир Кесерді 8:0 есебімен ұтты.

Мерей Базарбаев жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Мерей Базарбаев жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

57 келіге дейінгі салмақта өткен шешуші белдесуде Базарбаев түркиялық Бекир Кесермен кездесіп, 8:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, Мерей Базарбаев әлем чемпионатын алтын медальмен аяқтады, ал Бекир Кесер күміс жүлдеге ие болды.

Бұған дейін қазақстандық балуан осы додада америкалық Люк Лилледаль мен Франция өкілі Расул Галбураевты жеңген еді.

Бұл жүлде Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі үшінші алтын медаль болды. Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) чемпион атанған.

.

Көп оқылды:

.
.