Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) чемпиондық жарыстың жаңартылған рейтингін жариялады. Көш басында Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина тұр.
Рыбакинаның еншісінде 7502 ұпай бар. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан — 6560 ұпай, ал үшінші сатыда ресейлік Мирра Андреева тұр, оның қоржынында 6306 ұпай бар.
Жаңартылған үздік ондықта жалғыз өзгеріс төменгі бөлікте тіркелді. Польша теннисшісі Ига Швёнтек 4189 ұпаймен тоғызыншы орынға көтеріліп, украиналық Марта Костюкты оныншы орынға ығыстырды. Костюктің еншісінде 3920 ұпай бар.
Итоговый турнирге жолдаманы Рыбакинадан бөлек Соболенко, Андреева, Джессика Пегула, Кори Гауфф, Элина Свитолина және Линда Носкова иеленді. Маусымның қорытынды жарысы қараша айында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.