Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайда өткен «Мастерс» турниріндегі екінші жеңісін командасымен бірге атап өтті. Ол бұл сәттің видеосын телеграм арнасында жариялады.
Видео барысында Бублик әзіл аралас сөз сөйлеп, бапкері Артем Супруновтың туған күні үшін бүгін көп қимылдағанын айтты. Сондай-ақ ол команда мүшелерінен «пивко» жайын сұрап, жеңісті ерекше көңіл күймен қарсы алғанын көрсетті.
Шанхайдағы турнирде Бублик алғашқы екі кездесуінде чех теннисшісі Томаш Махачты және америкалық Брэндон Накасимаcты жеңді. Енді қазақстандық спортшының келесі қарсыласы — әлемнің екінші ракеткасы неміс Александр Зверев.