weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы титулдық жекпе-жекті бекітті

WBO қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен даттық Якоб Банк арасындағы бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін айқасты ресми түрде мақұлдады. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді.

WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы титулдық жекпе-жекті бекітті WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы титулдық жекпе-жекті бекітті
Sports.kz

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен даттық Якоб Банк (20-0, 11 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде бекітті. Қос боксшы екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

WBO ұйымы бұл туралы әлеуметтік желідегі жарияланымында хабарлап, кездесудің аяқталған келісім екенін мәлімдеді. Жарияланымда: «Келісім жасалды. Әлімханұлы мен Банк WBO-ның екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады! Бұл айқастан не күтеміз?» делінген.

Бұған дейін WBO тараптарға келісімге келу үшін 7 қазанға дейін уақыт берген еді. Ал белбеу британдық боксшы Хамза Шираздың Әлімханұлына қарсы титулды қорғаудан бас тартуынан кейін бос қалған болатын.

Енді алдағы жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін мансабындағы кезекті маңызды мүмкіндікке айналып отыр. Қазақ боксшысы кәсіби рингте әлі жеңілмеген күйінде келеді.

.

Көп оқылды:

.
.