Қазақстандық ескекші Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 додасында алтын медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында қосақ ескек есуден рулсіз жұптасқан сында олар финалда ең үздік нәтиже көрсетіп, мәрені 6:25.13 уақытпен бірінші болып кесті.
Күміс медаль Қытай спортшылары Цао Чуань мен Ян Мэншуайға бұйырды — олардың уақыты жеңімпаздардан 2.09 секунд кейін тіркелді. Қола жүлдені Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев иеленді, олар көшбасшылардан 7.21 секундқа қалып қойды.
Осылайша, бұл алтын медаль Қазақстан құрамасы үшін Азиада-2026-дағы сегізінші жүлде болды. Қазіргі сәтте ел қоржынында 22 медаль бар: 8 алтын, 6 күміс және 8 қола.
Азиада-2026 Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында 4 қазанға дейін жалғасады.