Қазақстанның әйелдер құрамасы байдарка мен каноэден Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
500 метрге байдарка-четвёрка жарысында ел намысын Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова және Эвелина Костенко қорғады. Қазақстандық экипаж қашықтықты 1:37.005 уақытта еңсеріп, жеңімпаздан 3.221 секундқа қалып қойды.
Жарыста Қытай құрамасы 1:33.784 нәтижесімен топ жарды. Күміс жүлде Өзбекстан спортшыларына бұйырды — 1:36.561.
Осылайша, Қазақстанның Азия ойындарындағы медаль саны 26-ға жетті: 8 алтын, 8 күміс және 10 қола.
Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.