Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов 2026 жылғы Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында жекелей сынның жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда ол Қытай спортшысы Лань Минхаоны 15:7 есебімен ұтты.
Оған дейін Проходов 1/8 финалда Қытай Тайбэйінен келген Илу Гастон Гийемоны тартысты кездесуде 15:14 есебімен тізе бүктірген еді.
Жартылай финалға шығу қазақстандық спортшыға кемінде қола медальді қамтамасыз етеді.