weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Хоккей 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Канадада «Барыстың» «Локомотивті» ойсырата жеңуіне баға берілді

Канадалық Hockey Worldwide порталы «Барыстың» ҚХЛ-дың қазіргі чемпионы «Локомотивті» 5:0 есебімен талқандағанын сенсация деп атады. Матчтан кейін астаналық клуб туралы бірқатар әсерлі тұжырым жасалды.

Канадада «Барыстың» «Локомотивті» ойсырата жеңуіне баға берілді Канадада «Барыстың» «Локомотивті» ойсырата жеңуіне баға берілді
Sports.kz

Канадалық Hockey Worldwide порталы «Барыстың» Ярославльдің «Локомотивін» 5:0 есебімен жеңгеніне назар аударды. Басылым бұл нәтижені сенсация деп бағалап, астаналық клубтың ҚХЛ-дың қазіргі чемпионын алғаш рет сүріндіргенін атап өтті.

Порталдың жазуынша, осы матчтан кейін ҚХЛ-да жүз пайыздық нәтиже көрсеткен команда қалмаған. «Барыс» Ярославль ұжымының маусымдағы алғашқы жеңілісін тіркеді.

Канададағы парақшада Джейк Масси шешуші шайба соғып, нәтижелі пас бергені, Джастин Бэйли маусымдағы алтыншы голын енгізгені де айтылды. Ал қақпашы Андрей Шутов 36 соққының бәрін қайтарып, қақпасын голдан аман сақтады.

«Барыс» қонақтағы бұл ойында 20 қыркүйекте жеңіске жетті. Бұл кездесу ярославльдік команда үшін 2026/2027 жылғы тұрақты маусымдағы жетінші ойын болса, қазақстандық клуб үшін алтыншы матч болды.

.

Көп оқылды:

.
.