weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 31
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Германия Ресей хоккейшілеріне 2027 жылғы әлем чемпионаты үшін виза бермеуі мүмкін

Германияның Ішкі істер министрлігі 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатына қатысу үшін келген ресейлік ойыншыларға виза бермеу ықтималдығын жоққа шығармады. Бұған CAS шешімі мен турнирге байланысты туындаған саяси шиеленіс әсер етіп отыр.

Германия Ресей хоккейшілеріне 2027 жылғы әлем чемпионаты үшін виза бермеуі мүмкін Германия Ресей хоккейшілеріне 2027 жылғы әлем чемпионаты үшін виза бермеуі мүмкін
Sports.kz

Германияның Ішкі істер министрлігі 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын ресейлік ойыншыларға виза беруден бас тартуы мүмкін екенін жасырмады.

Министрліктің ресми өкілі Мартин Гизе: «Қалыпты жағдай туралы айтуға болмайды, біз ондай көрініс жасамаймыз», — деді. Оның айтуынша, Ресейге қатысты шектеулі виза саясаты сақталады және әрбір өтініш жеке қаралады.

Гизе Германия тарапы ресейлік хоккейшілердің турнирге кіруіне тосқауыл қою мүмкіндігін өз құзырында қалдыратынын да атап өтті.

Бұл жағдай Спорттық арбитраж сотының (CAS) Халықаралық хоккей федерациясына (IIHF) Ресей командаларын шеттету мәселесін қайта қарауды міндеттеген шешімінен кейін ушыға түсті.

Осы шешімнен кейін Финляндия, Швеция, Чехия, Франция, Норвегия, Дания және Латвия құрамалары әлем чемпионатына бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен бірге Германия хоккей федерациясы (DEB) турнирді өткізуден бас тартуы мүмкін деген ақпарат та шықты.

2027 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 14–30 мамыр аралығында Дюссельдорф, Мангейм және Гельзенкирхен қалаларында өтуі тиіс.

.

Көп оқылды:

.
.