weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Царукян Гэтжимен чемпиондық жекпе-жек күтетінін айтты

UFC-де өнер көрсететін Арман Царукян келесі айқасы чемпиондық белдік үшін өтуі тиіс екенін мәлімдеді. Ол америкалық Джастин Гэтжимен жылдың басында кездесуді қалап отыр.

Царукян Гэтжимен чемпиондық жекпе-жек күтетінін айтты Царукян Гэтжимен чемпиондық жекпе-жек күтетінін айтты
Sports.kz

UFC-де Армения намысын қорғайтын ресейлік Арман Царукян (24-3) келесі жекпе-жегі жеңіл салмақтағы чемпиондық белдік үшін өтуі керек екенін айтты. Қазіргі уақытта бұл титул америкалық Джастин Гэтжиге (28-5) тиесілі.

Царукянның сөзінше, ұйым басшылығы оның бразилиялық Маурисио Руффиге қарсы өнеріне разы болып, титулдық айқасты қайта қарастыратынын айтқан.

«Басшылар менің өнеріме риза болды және келесі аптада сөйлесетінімізді айтты. Мен бұл жекпе-жектің алдында олармен сөйлесіп, одан кейін титулдық мүмкіндік аламын ба деп сұрадым. Олар: „Иә“ деп жауап берді.

Бұл менің келесі айқасым титул үшін өтетінін білдіреді. Мен чемпион Джастин Гэтжимен кездескім келеді. Бұл жекпе-жек келесі жылдың басында өтеді деп үміттенемін.

Сондай-ақ Лос-Анджелеске келіп, аренадан қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Махаббаттарыңыз үшін рақмет, мұны шын бағалаймын»
— деді Царукян X әлеуметтік желісінде.

Лос-Анджелесте өткен UFC 331 турнирінде Царукян Руффиді бірінші раундта шынтақпен нокаутқа түсіріп, жеңісті сериясын алты жекпе-жекке жеткізді.

Гэтжи Илия Топурияны жеңіп чемпиондық белдікті иеленген еді. Алайда қолындағы жарақатына байланысты оның октагонға 2027 жылға дейін оралмайтыны айтылып отыр. UFC әзірге Гэтжи мен Царукян арасындағы титулдық жекпе-жекті ресми түрде жариялаған жоқ.

.

Көп оқылды:

.
.