weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 25
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ислам Махачев ММА мансабын аяқтау шешімін растады

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев мансабын жақын арада аяқтайтынын тағы бір мәрте айтты. Ол бұл шешімге анасының қарсы екенін де жасырмады.

Ислам Махачев ММА мансабын аяқтау шешімін растады Ислам Махачев ММА мансабын аяқтау шешімін растады
Sports.kz

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев ММА-дегі мансабын аяқтау жөніндегі шешімін растады.

Журналистің «жекпе-жекке шығуды жалғастырасыз ба, әлде анаңыздың пікірі өзгерген жоқ па?» деген сауалына Махачев: «Анам әрқашан менің жекпе-жектеріме қарсы. Бірақ мен әрдайым анамды тыңдап келдім, сондықтан жақында оны тыңдаймын», — деп жауап берді.

30 қазанда Махачев әлеуметтік желілерде мансабын таяу уақытта аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол X желісіндегі жазбасында алдағы жекпе-жегі кәсіби карьерасындағы «соңғылардың бірі» болатынын атап өтті.

Бұған дейін спортшы бразилиялық Карлос Пратес пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы айқастың жеңімпазымен кездеспек ниетте екенін айтқан.

.

Көп оқылды:

.
.