Польша чемпионатының екінші турында «Бытом» сырт алаңда «Ястшембені» 2:1 есебімен ұтты. Бұл матчта қазақстандық хоккейші Андрей Буяльский шешуші рөл атқарды.
Жеңімпаздар сапынан бірінші шайбаны Кристиан Мрошковски соқты, ал екінші голды Павел Падакин енгізді. Екі шабуылдың да бастауында Буяльский болды, ол екі нәтижелі пас берді.
Осылайша, екі турдан кейін қазақстандық ойыншының еншісінде үш нәтижелі пас бар. «Бытом» қатарынан екінші рет жеңіске жетіп, алты ұпай жинады және турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Маусымның алғашқы турында команда «Унияны» 5:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Келесі ойынын «Бытом» 20 қыркүйекте сырт алаңда «Торуньге» қарсы өткізеді.