weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мераб Двалишвили Петр Янмен үшінші жекпе-жекке жоспарын айтты

Мераб Двалишвили Петр Янға қарсы үшінші кездесуде бұрынғыдай тек басқа ұмтылмай, корпусқа көбірек жұмыс істеуді көздеп отыр. Грузиялық файтер жекпе-жек тізгінін өзі ұстап, қарқынды өз қолына алмақ.

Мераб Двалишвили Петр Янмен үшінші жекпе-жекке жоспарын айтты Мераб Двалишвили Петр Янмен үшінші жекпе-жекке жоспарын айтты
Sports.kz

UFC-тің бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Мераб Двалишвили қазіргі чемпион Петр Янға қарсы үшінші жекпе-жекте қалай өнер көрсететінін айтты.

Грузиялық спортшының сөзінше, алдыңғы кездесуде ол қарсыласының басына тым көп шабуылдауға тырысқан. Енді ол соққыны корпусқа жиі бағыттап, қимылды әртараптандырмақ.

«Алдыңғы жекпе-жекте мен әдеттегіден басқаша әрекет еткім келді. Оның басына тым қатты ұмтылдым. Енді корпусқа соққы жасап, кейін соққыларды араластырамын. Ол бірінші нөмір болды, енді бірінші нөмір мен боламын. Енді мен оның соңына түсіп, корпусын да, басын да соққымен талқандаймын», — деді Двалишвили UFC on Paramount+ арнасындағы сұхбатында.

Ян мен Двалишвилидің екінші кездесуі 2025 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 323 турнирінің басты жекпе-жегінде өтті. Ол айқаста Петр Ян төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленді.

Екі спортшы алғаш рет 2023 жылдың наурызында UFC Fight Night 221 турнирінде кездескен. Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен Мераб Двалишвили жеңіске жеткен. Оның еншісінде 21 жеңіс пен 5 жеңіліс бар, ал Петр Янның рекорды — 20 жеңіс және 5 жеңіліс.

.

Көп оқылды:

.
.