weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан чемпионы Әділ Тілектес Шымкентте қаза тапты

Саңырау спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионы, балуан Әділ Тілектес Шымкенттегі кәсіпорын аумағында жұмыс кезінде тоқ соғып көз жұмды. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстан чемпионы Әділ Тілектес Шымкентте қаза тапты Қазақстан чемпионы Әділ Тілектес Шымкентте қаза тапты
Sports.kz

Саңырау спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионы, 28 жастағы балуан Әділ Тілектес Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп жүріп қаза тапты.

Ол керамикалық плитка шығаратын зауытта еңбек еткен. Жұмыс барысында электр сымына кездейсоқ тиіп, тоқ соққаннан кейін биіктіктен құлап кеткен. Дәрігерлер келгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 қыркүйекте болған. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Кәсіпорын аумағында жұмысшының қаза болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жұмыс барысында электр тогының соғуынан алған ауыр жарақат салдарынан көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде».

Әділ Тілектес 1998 жылы дүниеге келген. Ол еркін және грек-рим күресімен айналысып, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарға қатысқан. 2018 жылы Ақтөбеде өткен Қазақстан Республикасының II Спартакиадасында грек-рим күресінен 55 килограммға дейінгі салмақта чемпион атанды.

2019 жылы Қостанайда ерлер арасындағы командалық Қазақстан чемпионатында 60 килограммға дейінгі салмақта бірінші орын алған. Сондай-ақ ол республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер болды. Артында жұбайы мен екі баласы қалды.

.

Көп оқылды:

.
.