weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 19
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фатима Супығалиева: Абэ мен Келдиёровамен белдесуге дайынмын

Дакардағы IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған 17 жастағы Фатима Супығалиева жеңіс жолы мен алдағы мақсаттары туралы айтты. Ол ересектер арасындағы ірі жарыстарда да жүлде алуды көздейді.

Фатима Супығалиева: Абэ мен Келдиёровамен белдесуге дайынмын Фатима Супығалиева: Абэ мен Келдиёровамен белдесуге дайынмын
Sports.kz

Дакарда өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алған 17 жастағы қазақстандық Фатима Супығалиева жарыстан кейін әсерімен бөлісті. Ол шешуші белдесуде жіберген шағын қателігіне қарамастан, жеңіске жету үшін бар күшін салғанын айтты.

«Соңғы белдесуде аздап қателестім. Бірақ Дакарға тек жеңу үшін келгендіктен, тәуекелге барып, өзіме ұнайтын әдістердің бірін қолдандым», — деді жас чемпион.

Супығалиева биылғы табысының артында әкесі әрі бапкері Алтынбек Супығалиевтің еңбегі тұрғанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ екінші бапкері Ерлан аға Оналовқа да алғыс білдіріп, осы жеңісті әкесіне арнайтынын жеткізді.

Ол жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығу үлкен жауапкершілік жүктегенін де жасырмады. Спортшының айтуынша, салтанаттағы әсерлі сәттерден кейін ел сенімін ақтағанына ерекше қуанды.

«Қолымнан келіп, еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында шырқалғаны — үлкен бақыт. Сол сәтте толқып кетіп, көзіме жас алып тұрып қосылып тұрдым», — деді ол.

Алдағы жоспарлары туралы сұраққа ол ересектер құрамының оқу-жаттығу жиындарына қатысып жүргенін айтты. Болашақта халықаралық турнирлерде де жүлде алып, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретуді мақсат етеді.

Супығалиева өз салмағында олимпиялық чемпиондар — жапон Ута Абэ мен өзбекстандық Диёра Келдиёрова сияқты мықтылармен белдесуге дайын екенін де айтты. Оның сөзінше, мұндай деңгейге жету үшін бұдан да тынымсыз еңбек ету қажет.

.

Көп оқылды:

.
.