Тәжірибелі америкалық балуан Джордан Барроуз Мәскеуде өткен еркін күрестен RAF Moscow турнирінде ресейлік Магомед Курбаналиевтен айқын басым түсті.
Барроуз қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, кездесу соңында UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевпен кездескісі келетінін ашық айтты.
Айта кетсек, Джордан Барроуз — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы әрі алты дүркін әлем чемпионы.
Магомед Курбаналиев те тәжірибелі балуан саналады: ол 2016 жылы әлем чемпионатында топ жарған, сондай-ақ 2014 және 2018 жылдары Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.