weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 6
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында ширек финалға өтті

Еркін күрестен Қазақстан өкілі Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында келесі кезеңге жолдама алды. Ол 74 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Туран Байрамовты 2:0 есебімен жеңді.

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында ширек финалға өтті Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатында ширек финалға өтті
Sports.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/8 финал белдесуін сәтті аяқтады.

74 келіге дейінгі салмақта ол әзербайжандық Туран Байрамовпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша Қайпанов жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Енді Нұрқожаның келесі қарсыласы — Тәжікстан өкілі Виктор Рассадин.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов — 2024 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ Азияның үш дүркін чемпионы. Туран Байрамов Еуропа чемпионаттарында күміс пен қола медаль иеленген.

Астанадағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 1 қарашада аяқталады.

.

Көп оқылды:

.
.