weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш алтын алды

Баку қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Жүлделер 22–23 тамыз күндері сарапқа салынып жатыр.

Қазақстан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш алтын алды Қазақстан қазақ күресінен әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш алтын алды
Sports.kz

Қазақстан құрамасы қазақ күресінен Бакуде өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнін табысты өткізді. Балуандар ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бір қола медаль салды.

Жарыс 22–23 тамыз күндері Әзербайжандағы Baku Sports Hall спорт кешенінде өтіп жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер арасында сегіз-сегізден, барлығы 16 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

55 келіге дейінгі салмақта Рузимон Тугушев финалда Тәжікстан өкілі Мобориз Боротзоданы жеңіп, әлем чемпионы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Сүлеймен шешуші белдесуде грузиялық Джиорджи Инашвилиден басым түсті.

74 келіге дейінгі салмақта Жұмажан Қожамбеков те алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда тәжікстандық Мухамадраджаб Хусейнзоданы ұтты.

Әйелдер бәсекесінде Ардак Нұрсақ 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленсе, Жанат Казез 48 келіге дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді. Чемпионат 23 тамызда аяқталады, сол күні қалған сегіз жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

.

Көп оқылды:

.
.