weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дакардағы жастар Олимпиадасында Қазақстанның ту ұстаушылары белгілі болды

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан делегациясының туын дзюдошы Фатима Сыпығалиева мен жағажай волейболшысы Алихан Агабек алып шығады. Дакардағы дода 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Дакардағы жастар Олимпиадасында Қазақстанның ту ұстаушылары белгілі болды Дакардағы жастар Олимпиадасында Қазақстанның ту ұстаушылары белгілі болды
Sports.kz

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары болып дзюдошы Фатима Сыпығалиева мен жағажай волейболшысы Алихан Агабек бекітілді.

Фатима Сыпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылы ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ қазақстандық спортшының қоржынында 2025 жылғы Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарының алтын медалі бар.

Алихан Агабек Қазақстан намысын жағажай волейболында Оразали Сағынышпен бірге қорғайды. 2025 жылы бұл жұп Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұған қоса, олар 2026 жылы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының 1/16 финалына дейін жетті.

Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстаннан 11 спорт түрінде 18 спортшы бақ сынайды. Жарыс 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді, ал Дакар Олимпиада ойындарын қабылдайтын Африка құрлығындағы алғашқы қала болмақ.

.

Көп оқылды:

.
.