Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан ашық Азия чемпионатында чемпион атанды.
Ол ұзындыққа секіру сайысында 6,10 метр нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды. Екінші орындағы Анастасия Рыпакова одан небәрі бір сантиметрге қалып, 6,09 метрмен күміс медаль иеленді.
Қола медаль Сингапур спортшысы Розарио Тиа Луизаға бұйырды. Ол 5,95 метр нәтиже көрсетті.
Бұл сайыста қазақстандық Варвара Дмитриева мен Полина Кузубова да бақ сынап, тиісінше бесінші және сегізінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Чистякова Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медальді салды. Бұған дейін Улоболсын Есірке мен Юлия Башманова ел қоржынына тағы екі алтын медаль қосқан болатын.