weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Вест Бром» сапында ойнаған Кастро 25 жасында көз жұмды

Бұрынғы «Вест Бромвич Альбион» жартылай қорғаушысы Кеувин Кастро Португалиядағы жолдастық кездесуде есінен танып құлап, 25 жасында қайтыс болды.

«Вест Бром» сапында ойнаған Кастро 25 жасында көз жұмды «Вест Бром» сапында ойнаған Кастро 25 жасында көз жұмды
BBC Sport

Бұрынғы «Вест Бромвич Альбион» жартылай қорғаушысы Кеувин Кастро Португалиядағы матч кезінде құлап, 25 жасында көз жұмды.

Ол сенбі күні Лиссабондағы «Эштадиу душ Сейшаш» стадионында өткен «Реал Спорт Клубе» пен Португалияның жоғарғы дивизионынан өнер көрсететін «Эштрела де Амадора» арасындағы маусым алдындағы жолдастық кездесудің бірінші таймында жерге құлаған.

Лиссабон футбол қауымдастығы Кастроның «таңертең маусым алдындағы жолдастық матч кезінде өмірден өткенін» хабарлады.

«Реал Спорт Клубе» ойыншыны өздерінің «спорттық отбасымыздың сүйікті мүшесі» деп атады. Клуб мәлімдемесінде:

«Кеувин Кастро жай ғана ойыншы емес, ол біздің отбасымыздың ажырамас бөлігі болды. Ол өзін білетіндердің бәрінің жүрегінде өшпес із қалдырды».

Кастро 2021 жылы «Вест Бромвич Альбионға» ауысып, клуб сапындағы дебютін «Арсеналға» қарсы «Карабао кубогы» ойынында өткізген. Сол маусымдағы екінші ойыны «Суонсиға» қарсы матчқа тура келген, кейін ол «Бертон Альбионға» жалға берілді.

«Вест Бромвич Альбион» Кастроның қазасына қатты қайғырғанын мәлімдеп, жексенбіде «Бернлиге» қарсы Чемпионшип ойынының 25-минутында бір минуттық қошемет көрсетілетінін, сондай-ақ футболшылар қара таңғыш тағып шығатынын хабарлады.

«Спортинг» академиясының түлегі Англияда «Кембридж Сити», «Йорк Сити» және «Ноттс Каунти» секілді бірнеше командада ойнап, өткен жазда Португалияға қайта оралған еді.

.

Көп оқылды:

.
.