weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында көш бастады

Гуаякильде өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күнінен кейін Қазақстан құрамасы медаль кестесінің алдыңғы қатарына шықты. Қазақ балуандары бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында көш бастады Қазақстан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында көш бастады
Sports.kz

Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде көш бастады.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар жалпы бес медаль жеңіп алды: бір алтын, екі күміс және екі қола.

60 келіге дейінгі салмақта Габит Расулхан әлем чемпионы атанды. 50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен, ал 40 келіге дейінгі салмақта Әдія Жанахмет күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бекарыс Құдайберген 50 келіге дейінгі салмақта, Ахмет Баубек 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленді.

Медаль есебінде Қазақстаннан кейін Өзбекстан тұр. Бұл құрама бір алтын және үш қола медальмен екінші орынға жайғасты. Үшінші сатыда бір алтын және бір қола медалі бар Ресей құрамасы келеді.

2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Турнир 20 тамызда басталды, ал Қазақстан сапында 20 спортшы — 10 ұл және 10 қыз — өнер көрсетіп жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.