weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Футбол 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Винисиус Жуниор «Реалмен» жаңа келісімшартқа қол қойды

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мадридтік «Реал» клубымен 2032 жылға дейінгі жаңа келісімшартқа отырды.

Винисиус Жуниор «Реалмен» жаңа келісімшартқа қол қойды Винисиус Жуниор «Реалмен» жаңа келісімшартқа қол қойды
Championat Футбол

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мадридтік «Реал» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Құжат 2032 жылдың жазына дейін жарамды болады.

Винисиус Жуниор «Реал» сапына 2018 жылғы шілдеде, небәрі 18 жасында қосылған болатын. Клубтағы сегіз маусымда ойыншы 375 матчта ойнап, 128 гол соғып, 14 титулды жеңіп алды: екі Чемпиондар лигасы, үш клубтық әлем чемпионаты, екі УЕФА Суперкубогы, үш Ла Лига чемпионаты, бір Испания кубогы және үш Испания Суперкубогы.

«Винисиус Жуниордың бұл жетістіктерге қосқан үлесі шешуші болды — оның ойыны, гол үшін берген берілістері мен өз соққан голдары, соның ішінде соңғы екі Чемпиондар лигасының финалындағы голдары арқасында. Винисиус Жуниор клубтың тарихындағы ең сәтті кезеңдердің бірінде маңызды ойыншылардың біріне айналды», — деп хабарлады «Реалдың» ресми сайты.

Винисиус «Реал» түсінде 2018 жылдың жазынан бері ойнайды. Бразилиялық футболшы мадридтік клубқа «Фламенго» құрамасынан 45 миллион еуроға ауысқан еді. Өткен маусымда ол «Реал» түсінде 53 матч өткізіп, 22 гол соғып, 14 голдық берілісі бар болды.

.

Көп оқылды:

.
.