weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 30
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азия чемпионатының алтынын сарапқа салады

8 қараша күні Қытайдың Чонджу қаласында хоккейден Азия-2027 чемпионатының шешуші матчы өтеді. Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, турнир жеңімпазын анықтайды.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азия чемпионатының алтынын сарапқа салады Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азия чемпионатының алтынын сарапқа салады
Sports.kz

Жексенбі, 8 қараша күні Қазақстан құрамасы хоккейден Азия-2027 чемпионатында Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ойын Қытайдың Чонджу қаласында өтеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей тамашалауға болады.

Бұл ойынның қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы анықталады. Қазақстан жарысты Жапонияны 3:2 есебімен ұтып бастады, кейін Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Оңтүстік Корея алғашқы матчында Қытайды 3:1 есебімен тізе бүктіргенімен, кейін Жапониядан 3:5 есебімен жеңілді. Екі турдан кейінгі кестеде Қазақстанның еншісінде 6 ұпай бар, Жапония мен Оңтүстік Кореяда — 3 ұпайдан, Қытайда — 0 ұпай.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі мәрте чемпион атанған. Команда 2025 жылы Алматыда және 2026 жылы Қытайдың Пекин қаласында алтын медаль жеңіп алған.

.

Көп оқылды:

.
.