weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Фатима Сұпығалиева жастар Олимпиадасындағы «алтынды» әкесіне арнады

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Дакардағы 2026 жылғы жастар Олимпиадасында топ жарғаннан кейін әсерімен бөлісті. Ол бұл жетістікке жетуде әкесінің, яғни бапкерінің рөлі ерекше болғанын айтты.

Фатима Сұпығалиева жастар Олимпиадасындағы «алтынды» әкесіне арнады Фатима Сұпығалиева жастар Олимпиадасындағы «алтынды» әкесіне арнады
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева 2026 жылғы жастар Олимпиадасындағы жеңісінен кейін қуанышын жасыра алмады. Ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді әкелгеніне ерекше мақтанатынын жеткізді.

«Мен Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медаль сыйлағаныма өте қуаныштымын. Бұл Олимпиадаға өзіміз алдымызға ең жоғары мақсат қойып бардық. Бала кезімізден-ақ жастар Олимпиадасының алтыны – біздің басты мақсаттарымыздың бірі еді, сол межеге жеткенімізге қуаныштымыз», — деді спортшы.

Финалда португалиялық қарсыласымен белдескен Сұпығалиева кездесудің тағдырлы сәтінде жеңіске жетуге бекінгенін айтты. Шешуші белдесуде есеп 1:1 болғанымен, ол тек алтын медальды мақсат тұтқан.

«Әлем чемпионатынан кейін бүкіл ел мені қолдап, сенім білдірді. Дзюдода Қазақстаннан жалғыз өзім барғандықтан, міндетті түрде алтын алып қайту керек деген оймен шықтым да, жеңісті жіберген жоқпын», — деді ол.

Спортшы өз жетістігіндегі ең үлкен үлесті әкесіне берді. Оның айтуынша, алғашқы бапкері — әкесі, ал сол еңбектің нәтижесінде әкесіне «еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағын әперу де басты армандарының бірі болған.

Фатима Сұпығалиева Алматыда ұлттық құрама сапында өткен оқу-жаттығу жиындарының да пайдасы зор болғанын атап өтті. Оның сөзінше, бапкерлер мен команда тарапынан көрсетілген қолдау бұл нәтижеге жетуге көмектесті.

Дакардағы 2026 жылғы жастар Олимпиадасында Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол Португалия өкілі София Гаспарды жеңіп, Қазақстанға осы жарыстағы алғашқы жүлдені сыйлады.

.

Көп оқылды:

.
.